Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астананы жауып тастай алмаймыз": Жеңіс Қасымбек халық тығыздығы мәселесін айтты

Опубликовано:

Жаңа жылға орай безендірілген Астана қаласының көрінісі
Жаңа жылға орай безендірілген Астана қаласының көрінісі. Фото: pixabay.com

Бүгін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек баспасөз мәслихатында елордадағы халық тығыздығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Брифингте журналистер әкімнен қалаға басқа өңірлерден жастар "жақсы өмір" іздеп көшіп келіп жатқанын айтып, адам саны көбеюіне қала инфрақұрылымының дайындығы мәселесін көтерді. Тілшілер Астанаға кіруді шектеу немесе жабу мәселесі қарала ма деген сұрақ қойды.

Бұған Астана әкімі унитарлық мемлекет екенімізді еске салып, мұндай мәселе көтерілмейтінін айтып, жауап қатты.

"Сондықтан елорда барлық қазақстандықтың астанасы. Олардың мұнда келуге құқығы бар. Жалғыз жауабымыз осындай", - деді әкім.

Алайда Жеңіс Қасымбек қала инфрақұрылымы қаладағы халық саны артуына дайын ба деген мәселеде көші-қон қарқынында белгілі бір кейін қалу жағдайы бар екенін айтып өтті.

"Бұл - коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік инфрақұрылымдар. Осыған байланысты тиісті шаралар қабылданып жатыр. Көптеген мектеп пен аурухананың, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде осы проблемаға қатысты барлық мәселе, оның ішінде су, жылу, электр мәселелері шешіліп жатыр.

Әрине, егер өңірлерде тұрақты жұмыс орындары көбейін, жалақысы жақсы болса, көші-қонда өзгерістер болады. Шартты түрде айтсақ, жыл сайын қалада халық саны 60-70 мың жаңа тұрғынға көбейіп жатса, оның 35 мыңы - табиғи өсім. Шамамен 6-7 жыл бұрын қаламызда жылына 25 мың бала өмірге келсе, биыл 33 мыңнан аса бала өмірге келді. 35 мыңға жетеді деп отырмыз. Яғни бұл - табиғи өсім", - дейді әкім.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек Астана - елдегі ең жас қалалардың бірі екенін еске салды. Оның сөзінше, елордалықтардың орташа жасы - 30 жас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052121-astanany-zauyp-tastai-almaimyz-zenis-qasymbek-xalyq-tygyzdygy-maselesin-aitty/

pixel