Астанада "көрінбейтін" қарды күреген бригада басшылығына сөгіс жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қар жаумаған көшелерде арнайы техника жұмыс істеп жатқаны түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қараша айында қар жаумаған көшелерде қар тазалайтын техника жұмыс істегенін тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Бұл жағдай қала тұрғындарының наразылығын тудырған еді. Бұған қатысты қала әкімі жауап берді.
"Бұл видеоны көрдім. "Астана Тазалық" басшылығының түсіндірмесінде "олар жол жиегіндегі мұзды ойып жатқан. Десе де сол уақытта жұмыс істеген бригаданың және "Астана Тазалық" мекемесінің басшылығы сөгіс алды", - деді Жеңіс Қасымбек.
Еске сала кетейік, қараша айында ғаламторда арнай техниканың жоқ қарды тазалап жатқан видеосы тарағанын жаздық.
Кейін видеоға қатысты Алматы ауданы әкімдігі түсінік берген еді.
"Жауған қарға байланысты "Астана Тазалық" ЖШС жол жиектеріндегі қарды шығару жұмыстарын жүргізді. Жылдам тазалау мақсатында қар тиегіштермен қар полигонына шығару жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052173-astanada-korinbeitin-qardy-kuregen-brigada-bassylygyna-sogis-zariyalandy/