jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Көрінбейтін" қарды тазалап жатыр: Астана әкімдігі желідегі видеоға қатысты жауап берді

Арнайы техника
Қар тазалайтын арнайы техника. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Әлеуметтік желілерде Астанада қар жоқ жерді арнайы техникалармен тазалап жатқаны түсірілген видео пайда болды. Бұл жайтқа қатысты Алматы ауданы әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Egov press Telegram-арнасында жарияланды. Кадрларға қарағанда, арнайы техника көшелерді тазалап жатыр.

"Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жоқ қарды алып тастауды ұйғарған сияқты. Жинаған қарды ерінбей қаланың шетіне апарып төккен шығар", - делінген видео сипаттамасында.

Видеоға азақстандықтар әртүрлі пікір қалдырған. Бірі мысқыдаса, бірі ашуланған.

"Көрінбейтін қар", "Жаттығу жасап жатыр", "Лас ауаны тазалап жатыр, ештеңе түсінбейсіңдер", "Қар емес, кір мен қоқысты тазалап жатқан шығар", - деп жазды желі қолданушылары.

Ескерту! Бейнеде бейәдеп сөздер бар!

Сонымен қатар пікірлер арасында Алматы ауданы әкімдігінің осы жағдайға қатысты жауап жазған.

"Жауған қарға байланысты "Астана Тазалық" ЖШС жол жиектеріндегі қарды шығару жұмыстарын жүргізді.Жылдам тазалау мақсатында қар тиегіштермен қар полигонына шығару жұмыстары жүргізілді", - деп жазды ведомстводан.

Еске сала кетейік, бүгін синоптиктер Астанада алдағы жеті күнде қандай ауа райы күтілетінін болжады. Осы аптада елордада екі күн қатарынан қар жауады.

"Көрінбейтін" қарды тазалап жатыр: Астана әкімдігі желідегі видеоға қатысты жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.