Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйда полиция қызметкерін көліктің капотында сүйреген жүргізуші ұсталды

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға болған жер. Фото: polisia.kz

Рудныйда жүргізуші полицейді көліктің капотында 50 метрдей сүйреп, қашып кеткен. Ер адам ұсталды, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Басылым мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат бір шамасында Корчагин көшесінде Тойота жүргізушісі полиция бекетінің жанында болғанына қарамастан, мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанында тоқтады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. Жүргізуші дөрекілік көрсетіп, қызметкердің заңды талаптарын елемей, оқиға орнынан қашуға тырысқан.

"Полиция қызметкері көліктің қозғалысына кедергі келтірді, бірақ жүргізуші көлікті жүргізуін тоқтатпаған. Ол полиция қызметкерін 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреп, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жүргізушінің жеке басы дереу анықталды", - деп жазады медиа-портал.

Полицейлер қабылданған шаралар барысында 35 жастағы Рудный қаласының тұрғыны ұсталып, жергілікті полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,

"Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі бойынша (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік жүктеледі", - делінген басылымда.

ПД жағдайды объективті бағалау үшін полиция қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты қызметтік тергеу тағайындалғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052194-rudnyida-policiya-qyzmetkerin-koliktin-kapotynda-suiregen-zurgizusi-ustaldy/

pixel