Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық тасымалдаушылар жүргізушілерге қойылатын талаптарға наразы екенін айтты

Опубликовано:

Автобус
Автобус. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Тасымалдау компанияларының өкілдері елдегі қоғамдық көлік жүргізушілерінің тапшылығын айтты. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевқа Ақмола облысының тұрғындарымен кездесуіне келген көлік саласында жүрген көкшетаулық кәсіпкерлер мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгін көлік министрлігінің басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапары дәстүрлі түрде жергілікті тұрғындармен кездесуден басталып, азаматтарды жеке қабылдаумен жалғасты. Министрмен кездесуге негізінен көлік және жол салаларында жұмыс істейтін іскер адамдар мен жергілікті кәсіпкерлік қауымдастықтардың өкілдері жиналған.

Кездесуде бірінші кезекте кәсіпкерлер мемлекет басшысына Көлік министрлігін қайта құрғаны үшін ризашылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, бұл - сала мамандары мен жолшылардың көптен күткен жаңалығы.

Солтүстік өңірде сияқты бұл жерде де "Көкшетау-Омбы" автожолын жөндеу мәселесі қозғалды. Аталған жол учаскесі арқылы көрші мемлекетке қазақстандық карьерлерден қиыршық тас тасылып келеді. Трасса қазіргі таңда 3-ші рет жөнделіп жатыр. Жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша, ауыр жүк көліктері жүк тасымалын одан әрі жалғастырса, жол тез арада өзінің бұрынғы қалпына түседі.

Кездесуде және жеке қабылдау барысында министрге тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардың өкілдері жүгінді. Оларды алаңдататын негізгі мәселе – автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігі. Қазір Көкшетау мен Степногорск қалаларындағы желілерде негізінен зейнет жасына жақындаған мамандар жұмыс істейді. Осы ретте кәсіпкерлер жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдайтын жүргізушілер жақын арада болмай қалады деп алаңдаулы.

Ведомство министрге дәл осындай сұрақ Қазақстанның барлық өңірінде қойылғанын атап өтті. Тасымалдаушылар D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін жас көрсеткішін 21 жасқа дейін төмендетуді, сондай-ақ жүргізушіден автобуспен жүруге рұқсат етілмес бұрын маршруттық таксиде 3 жылдық тәжірибенің болуын талап ететін норманы алып тастауды талап етеді.

"D санатын алу үшін жүргізуші D1 санатын алуы керек және микроавтобуста 3 жыл жұмыс істеуі керек. Осылайша, біз іс жүзінде қиын жағдайға тап болып отырмыз, өйткені Қазақстанда маршруттық таксилер қалмады. Сонда жүргізуші бұл тәжірибені қайда жинайды? Парламент қабырғасында қауіпсіздік туралы айтылатыны тағы бар. Алайда, ұшақтарды басқаратын мамандардың жасы 18-де болуы мүмкін, ал автобус жүргізушілері ретінде неге 21 жастағы маманды алуға болмайды?", - деді кездесуге келген тұрғындар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052205-qazaqstandyq-tasymaldausylar-zurgizusilerge-qoiylatyn-talaptarga-narazy-ekenin-aitty/

pixel