jitsu gif

Атырауда жұмыртқа бағасы күрт өсті

Еліміздің кей аймақтарында азық-түлік тауарларының бағасы 30%-ға қымбаттаған
Жұмыртқа және ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырауда жұмыртқа қымбаттады. Қазір өңірде бір жұмыртқа 68 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды QazaqstanTV.

Телеарна мәліметінше, жұмыртқа бір аптаның ішінде 10 теңгеге қымбаттаған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бағаның өсуіне тауардың өзіндік құны жоғарылауы себеп болған.

Жалпы өңірге жұмыртқаның 90 пайызы басқа аймақтардан әкелінеді. Ал аймақтағы жалғыз құс фабрикасының жұмысы соңғы уақытта тұралаған. Зауыт әзірге бір ғана қуаттылықпен жұмыс істеп тұр.

Келер жылдан бастап қуаттылықты 4 есеге өсіріп, өңірдегі тұтыну қажеттілігінің тең жартысын жаппақ.

"Қазіргі уақытта біздің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өніміне с1 жұмыртқасы жатады. Ол қазір арнайы 36 нүктеде 61 теңгеден сатып алынып жатыр. Біздің шекті баға 62 теңге", - деді Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары Алтынай Ерубаева.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.