Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Бенгал отшашуы
Бенгал отшашуы. Көрнекі фото: piqsels.com

ТЖМ Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасап, пиротехниканы сатып алғанда, жарамдылық мерзімі мен орамасын тексеруді ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомстоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ өкілдері пиротехниканы тек мамандандырылған дүкендерден сатып алуға кеңес берді. Сондай-ақ ведомстводағылар оны үйде көп мөлшерде сақтауға тыйым салынатынын еске салды.

Пиротехниканы пайдалану кезінде тыйым салынады:

  • пиротехниканы жабық үй-жайларда, пәтерлерде пайдалануға, балкондар мен лоджиялардан іске қосуға;
  • ылғал пиротехникалық бұйымдарды жылыту құрылғыларында және ашық оттың жанында кептіруге;
  • өнімдерді қолда ұстап тұрып іске қосуға және олар жанып біткен соң 5 минуттан ерте жақындауға;
  • тұтану кезінде фитильді бетке жақын ұстауға;
  • қатты желде қолдануға;
  • отшашуды адамдарға, жануарларға, көліктерге бағыттауға.

"Пиротехниканы ересектер іске қосуы керек. Ешбір жағдайда балаларға сеніп тапсырмаңыз", - деп ескертті ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052211-tzm-zana-zyl-qarsanynda-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel