Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын орда" базары иелерінің бірі қамауға алынды

Опубликовано:

"Алтын орда" базары
"Алтын орда" базары. Фото: gov.kz

Алматы облысында "Алтын орда" базарына иелік еткен адам қамауға алынды. БАҚ күдікті туралы ақпарат таратты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сот мәліметінде Алматы облысы Қарасай аудандық сотында А.-ға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы Алматы облысы Қарасай ауданы ПБ тергеушісінің өтініші қаралғаны айтылады.

Ұсталған адам Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық, яғни аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша қылмысты жасады деп күдікке ілінген.

Мемлекеттік айыптаушы оның мүлікке қарсы ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінгенін, 2019 жылдың басында осындай ауыр қылмыс үшін сотталғанын, тергеу мен соттан жасырынып, істі әділ тергеу мен сотта қарауға кедергі келтіруі мүмкін екенін айтып, өтінішті қанағаттандыруды сұраған.

"Қорғаушы-адвокаттар А.-ның бұған дейінде жасырынбағанын және сот алдындағы тергеу органдарынан жасырынбайтынын, ешқандай ұрлық жасамағанын, аталған жағдай бойынша азаматтық-құқықтық қарым-қатынас бар екендігін көрсетіп, өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуды сұрады", - делінген сот хабарында.

Сот материалдарды зерттеп, тараптардың дәлелдерін тыңдап, Қылмыстық-процестік кодексінің 136, 147 және 151-баптарын басшылыққа алған. Ол тергеушінің А.-ға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қанағаттандырған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

"ҚазАқпарат" ХАА хабарына қарағанда, қамауға алынған адам - "Алтын Орда" базарының иесі Данияр Әлпиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052226-altyn-orda-bazary-ielerinin-biri-qamauga-alyndy/

pixel