jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 500-ге жуық көлік кептеліп қалды

Жиналған жүк көліктері бейнеленген иллюстрациялық сурет
Жиналған жүк көліктері бейнеленген иллюстрациялық сурет. Фото: PhOleksandr Hryvul/Getty Images

Мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесінде 468 жеңіл және жүк көлігі кептеліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің Telegram-арнасындағы хабарына қарағанда, мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесіндегі "Ақ-Тілек - Автодорожный" өткізу пунктінің алдында 468 жеңіл және жүк көлігі жиналып қалған.

"Көліктердің жиналып қалуы Қазақстанның Жамбыл облысындағы ауа райының уақытша жақсаруына байланысты Қырғызстаннан Қазақстанға және басқа елдерге жүк ағынының күрт артуымен байланысты", - делінген хабарламада.

Қырғыз-Қазақ шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатқаны айтылады.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 500-ге жуық көлік кептеліп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.