Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Алматы әуежайында шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматы ұсталды

Опубликовано:

Ұсталған күдікті
Ұсталған күдікті. Фото: ҰҚК-нің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әуежайында шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, ҰҚК қызметкерлері 2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайында шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстаған.

"Бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған. Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған.

Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деген күдікке ілінген", - делінген хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметінің өкілдері қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052255-uqk-almaty-auezaiynda-seteldik-terroristik-ortalyqtarga-sygudy-zosparlagan-qazaqstan-azamaty-ustaldy/

pixel