jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Халықаралық іздеу жарияланған күдікті Камеруннан экстрадицияланды

    кісен
    Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматы Камеруннан экстрадицияланды. Ол салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Африкалық елден Қазақстан азаматын экстрадициялау Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің Интерпол қызметкерлерінің, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі және Камерундағы Қазақстанның Құрметті консулының көмегімен жүзеге асқан.

    Ер адам 2017-2019 жылдары жалған счет-фактураларды пайдалану жолымен салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген. Төленбеген салықты сомасы 720 млн теңгеден астам.

    "Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 

    Ағымдағы жылдың маусым айында ол Камерун Республикасының аумағында ұсталғандықтан, Бас прокуратура оны беру туралы сұрау жолдады. Қазақстан мен Камерун арасында ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, Камерун тарабы ол сұрауды қанағаттандырды. 

    Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды", - делінген хабарламада.

    Бас прокуратура өкілдері осындай қылмыс жасаған тұлғаларға 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске салды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.