Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолаушы ұшақтың апаттық есігін ашқан": Азаматтық авиация комитеті желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

ұшақ іші
Ұшақ іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Азаматтық авиация комитеті желіде тараған видеоға қатысты мәлідеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде жолаушы ұшақтың апаттық есігін өздігінен ашып жатқан видео таралуда. Осыған байланысты Азаматтық авиация комитеті келесіні хабарлайды.

2023 жылғы 23 желтоқсанда Шымкент - Алматы бағыты бойынша FlyArystan әуекомпаниясының КС7106 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 01:19-да қонғаннан кейін жолаушы апаттық есікті ашты. Борт тексеріліп, ұшуға рұқсат етілді. Жолаушы шара қолдану үшін Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.

Комитет өкілдері осы жағдай бойынша мән-жайды анықтау мақсатында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тиісті тексеру жүргізетінін атап өтті.

"Тексеру есікті өздігінен ашуға жол берген жолаушыға да, автотрап беруге жауапты әуежай қызметтеріне де қатысты жүргізілетін болады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052288-zolausy-usaqtyn-apattyq-esigin-asqan-azamattyq-aviaciya-komiteti-zelide-taragan-videoga-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel