Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрланған ақшаны қайтару комитеті": желіде Смайыловтың жалған мәлімдемесі тарап жатыр

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: t.me/KZgovernment

Әлеуметтік желілерде премьер-министр Әлихан Смайылов интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендерге төленетін өтемақылар туралы айтқан видео таратылуда. Алайда бұл жалған, деп хабарлайды stopfake.kz.

Видеода Қазақстанда "ұрланған қаражатты қайтару және өтеу жөніндегі" комитет құрылғаны айтылады. StopFake.kz бұл видео жаллған екенін, елімізде мұндай комитет жоқ және болмағанын атап өтті.

Фактчекерлердің айтуынша, алаяқтар алданған адамдарға көмектесеміз деп осы жарнаманы таратуда, ал шын мәнінде ақшаны "қайтару" қызметтері туралы жазылған сайтқа өтуді ұсынады. Нәтижесінде, азаматтар ұрлаған ақшаны қайтару үшін қайтадан ақша төлеу керек болады. Осылайша, алаяқтар бір кездері алданып қалған адамдарды тағы да құрығына түсіреді.

Басылым мұндай хабарландырулар бұған дейін Қазақстан мен Ресейде де тарағанын хабарлады. Ол кезде қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеу туралы айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052307-urlangan-aqsany-qaitaru-komiteti-zelide-smaiylovtyn-zalgan-malimdemesi-tarap-zatyr/

pixel