Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінде шатырдың бір бөлігі опырылып түсті (видео)

Опубликовано:

Шатыр опырылып түсті
Шатыр опырылып түсті. Видеодан кадр: instagram.com/gres_info

Әлеуметтік желіде тұрғын үй кешендерінің біріндегі шатырдың бір бөлігінің опырылғаны түсірілген видео пайда болды. Жағдайға Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Instagram желісіндегі Kris_p_talgar парақшасы жариялады. Кадрда Талғардағы көпқабатты үй шатырының бір бөлігі құлаған сәті көрсетілген.

"Жаңа ықшамауданы, Ипотекалық аудандағы шатырдың бір бөлігінің құлау сәті. Айта кетейік, үйлер салыстырмалы түрде жаңа және мемлекеттік тапсырыс бойынша салынған", - делінген видеоның сипаттамасында.

Gres_info Instagram парақшасында видео авторы шифері мен бөренелер қардың салмағынан опырылып түскен.

Алматы облысының әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында жағдайға түсініктеме беріп, оқиғаның 60 пәтерлі жалдамалы тұрғын үйде болғанын хабарлады.

"Қар жауып, төбесінде мұз пайда болуынан ғимараттың арықтары мен карниздері жартылай опырылып түсті. Бақытымызға орай, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Құрылыс алаңдарына жақын жерде, әсіресе қыста барлығына сақ және мұқият болуды ұсынамыз. Ауа райы жағдайлары болжанбайтын қауіптер тудыруы мүмкін.

Нысанның мердігері "Гунн Строй Сервис" ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті», - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар ведомство мердігер жөндеу жұмыстарын тегін жүргізетінін хабарлады.

"Осындай оқиғалар туралы жұртшылықты хабардар ету маңызды деп санаймыз. Мұндай ақпарат қауіпсіздік шаралары туралы құлағдар етуге және ықтимал келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі", - деп қосты әкімдік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052337-almaty-oblysynda-zana-turgyn-ui-kesenderinin-birinde-satyrdyn-bir-boligi-opyrylyp-tusti-video/

pixel