Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақын Мыңбай Рәш қайтыс болды

Опубликовано:

Ақын Мыңбай Рәш
Ақын Мыңбай Рәш. Фото: egemen.kz

Ақын, сатирик Мыңбай Рәш қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы Telegram арнасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кешеден бері Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы абыз ақсақалды соңғы сапарға шығарып салу мәселесімен айналысып жатыр. Жаназасы, асы қайда, қашан өтетінін қосымша хабарлаймыз. Ақын Мыңбай Рәш ағамыздың топырағы торқа, жаны жәннатта болсын", - деп көңіл айтты одақтағылар.

Мыңбай Рәш - ақын, сатирик, әдебиеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Ол 1930 жылы 19 қазанда Семей облысы, Шұбартау ауданының 10-ауылында дүниеге келген.

Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген соң "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінде, "Ара - Шмель" журналдарында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде, "Ғылым" баспасы мен "Қазақстан" баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып еңбек еткен.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы "Алғашқы борозда" деген атпен жарыққа шықты.

Қаламгердің жиырмадан астам өлеңдер жинағы мен сатиралары кітап болып шыққан. Мыңбай Рәш көбінесе сатира жанрында еңбек етіп, сықақтары мен фельетондары, мысалдары көршілес, туысқан халықтар тілдеріне аударылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052388-aqyn-mynbai-ras-qaitys-boldy/

pixel