Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда балабақша басшысы қамауға алынды

Опубликовано:

кісен
Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Таразда жекеменшік балабақша басшысы тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тараз қаласының прокуратурасы "РозАль" орталығы" жеке балабақшасы басшылығы мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады", - делінген хабарламада.

Балабақша басшысы тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражатын алған деген күдікке ілінген.

Осы дерек бойынша биылғы 25 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылған.

Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052393-tarazda-balabaqsa-bassysy-13-mln-tenge-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel