Көкшетауда жүкті әйелдің өлімінен кейін полиция тергеу жұмыстарын бастады
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖелтоқсанның 23-і таңертең Көкшетаудағы перзентханада жүкті әйел көз жұмды. Адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне берген ақпараты бойынша, 23 желтоқсанда таңғы сағат 05.53-те Көкшетау қалалық полицияның кезекші бөліміне көпсалалы облыстық аурухананың медбикесі қоңырау шалды. Ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны перзентхананың қабылдау бөлімінде қайтыс болғанын хабарлады.
"Полиция аталған деректі тіркеді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Бұған дейін жүкті әйел перзентханаға түсіп, денсаулығының нашарлауына байланысты қайтыс болғаны хабарланған болатын. Дереккөзге сүйенсек, оның іші ауырып, қызуы көтерілген, салдарынан жедел жәрдем әйелді бірнеше рет әкеткен.
Аймақтық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ақпараты бойынша, сенбіде таңғы сағат 5-те әйелдің өлімі тіркелді. Марқұмға қойылған алдын ала диагноз - өкпе артериясындағы тромбоэмболия және ауыр деңгейдегі ЖРВИ.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында жүкті әйел ауруханаға түскен соң жансақтау бөлімінде көз жұмғаны туралы жазған едік. Ол жүктіліктің 36 аптасында болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052443-koksetauda-zukti-aieldin-oliminen-keiin-policiya-tergeu-zumystaryn-bastady/