Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алаяқтарға ақша бергенмен бірдей": сауда министрі "Кенжехан" базарындағы дауға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Базар
Базар іші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс кулуарында сауда министрі Арман Шаққалиев Әнипа Назарбаеваға тиесілі болуы мүмкін делінген "Кенжехан" базарындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Журналистер бұған дейін депутат Нартай Сәрсенғалиевтің Бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған сауалында Алматыдағы барахолкада жұмыс істейтіндердің шағымын жеткізгенін еске алды. БАҚ өкілдері Сауда министрлігі саудагерлерге көмектесу үшін бұл мәселеге араласты ма деп сұрады.

"Жазда "Кенжехан" базарының өкілдерімен кездескен едік. Коммуналдық тұрақ пен ол жерде контейнер орнатуға рұқсаттар заңсыз берілген деген мәселе көтерілді

Бұл мәселені ортаға салып, жергілікті атқарушы органның араласуын сұрадық. Олар бұл мәселені қарады. Тіпті келісімшарттың жоқтығына қатысты сұрақтар туындады: тұрақтарға контейнерлер орнатылып, бұл үшін ақша алынған.

Бұл жерде кәсіпкерлік тәуекел және кәсіпкерлердің құқықтық білімі өте маңызды екенін көрсетеді. Контейнерді қоғамдық орынға орналастырып, сосын шығынның орнын толтыруды талап ету, бұл - алаяқтарға ақша берумен бірдей", - деді министр.

Бұл ретте ол билік өкілдері базар әкімшілігімен басқа орындарға көшіру және қамтамасыз ету мәселесін талқылағанын жеткізді.

"Біз бұл алаңдаушылықты базар әкімшілігіне жеткіздік, кездестік, олар бұл мәселені шешуге уәде берді", - деді Шаққалиев.

Алайда министр Әнипа Назарбаева әлі де осы базардың иесі ме деген сұраққа жауап бермеді.

"Базар иелеріне келетін болсақ, дәл қазір бізге базардың жағдайы, сауда орындары маңыздырақ. Әрқашан айтамыз, бұл ақпарат құқықтық реестрде бар. Әділет министрлігіне сауал қойып, иесінің кім екенін білуге болады. Бірақ біз үшін маңыздысы сауда нысанының заңды дұрыс жұмыс істеуіне мән береміз", - деді Сауда министрі.

Бұған дейін депутат Нартай Сәрсенғалиев Әнипа Назарбаеваның Алматыдағы Кенжехан базарымен байланысы бар екенін айтқан болатын. Атап айтқанда, депутат оның төңірегіндегілер сауда-саттық шартын жасамай, сауда орындарын 10 мың долларға сатқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052473-alayaqtarga-aqsa-bergenmen-birdei-sauda-ministri-kenzexan-bazaryndagy-dauga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel