Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бес облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Опубликовано:

Бұрқасын
Бұрқасын. Фото: pexels.com

5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі QazAvtoJol-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық оператордың Telegram-арнасындағы ақпарат бойынша, қозғалыс шектелген учаскелер мына облыстарда:

Ақмола облысында - 6 учаске

1. "Астана-Петропавл" автожолында 18-234 км, Астана қ. - Щучинск қ. дейін.

2. "Көкшетау-Атбасар" автожолында 47-184 км, Зеренді ауылынан - Атбасар қаласына дейін.

3. "Екатеринбург - Алматы" автожолында 917-1230 км, Жақсы ауылынан - Қажымұқан ауылына дейін.

4. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 232-260 км, Қостанай облысының шекарасынан - Сұрған ауылына дейін.

5. "Жезқазған-Петропавл" автожолында 377-552 км, Қостанай облысының шекарасынан - Сұрған ауылына дейін.

6. "Жақсы-Есіл-Бұзылық" автожолында 0-82 км, Жақсы ауылынан - Бұзылық ауылына дейін.

Бұл өңірде көктайғақ, тұман, шектеулі көрініске байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілген.

Ақтөбе облысында - 4 учаске.

1. "Самара-Шымкент" автожолында 526-610 км. Батыс Қазақстан облысының шекарасынан - Қобда ауылына дейін.

Көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілген.

2. "Самара-Шымкент" автожолында 776-844 км, Ақтөбе қ. - Хромтау қ. дейін.

3. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолында 0-234 км, Қарабұтақ ауылынан - Қостанай облысының шекарасына дейін.

Шектеу жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге енгізілді.

4. "Самара-Шымкент" автожолында 844-1153 км, Хромтау қ. - Ырғыз ауылына дейін.

Бұл өңірде қар, жел, көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілгені ескертіліп отыр.

Жетісу облысында- 1 учаске.

1. "Үшарал-Достық" автожолында 84-184 км, Көктұма станциясынан - Достық станциясына дейін.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Бұл ескерту бұрқасын мен шектеулі көрініске байланысты екен.

Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске.

1. "Самара-Шымкент" автожолында 393-526 км, Жымпиты ауылынан - Ақтөбе облысының шекарасына дейін.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілгені айтылады. Бұл көктайғаққа байланысты.

Қостанай облысында - 9 учаске.

1. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 218-232 км, Октябрьское ауылынан - Ақмола облысының шекарасына дейін.

2. "Жезқазған-Петропавл" автожолында 339-377 км, Арқалық қ. - Ақмола облысының шекарасына дейін.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілгені ескертілген. Ақмола облысында ауа райы нашарлаған.

3. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолында 234-386 км, Ақтөбе облысының шекарасынан - Денисовка ауылына дейін.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілгені ескертілген. Ақтөбе облысында ауа райы нашарлаған.

4. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 108-218 км, Әулиекөл ауылынан - Октябрский ауылына дейін.

5. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолында 7-108 км, Тобыл қ. - Әулиекөл ауылына дейін.

6. "Екатеринбург-Алматы" автожолында 556-686 км, Тобыл қ. - Сарыкөл ауылына дейін.

7. "Екатеринбург-Алматы" автожолында 418-539 км, Қарабалық ауылынан - Қостанай қаласына дейін.

8. "Мамлютка-Қостанай" автожолында 250-404 км, Тобыл қ. - Ұзынкөл ауылына дейін.

9. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолында 386-503 км, Рудный қ. - Денисовка ауылына дейін.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілгені ескертіліп отыр. Нөлден төмен температурада жаңбыр, көктайғақ, екпінді жел тұратыны айтылады.

Бұған дейі OpenWeather порталы ірі қалалардағы ауа райы қандай болатынын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052594-qazaqstannyn-bes-oblysynda-respublikalyq-manyzy-bar-avtozoldar-zabyldy/

pixel