jitsu gif
Саясат

    "Айка тізімі": Қазақстанда жезөкшелік заңдастырылуы мүмкін бе

    Ақпарат тексеру бойынша көрнекі сурет
    Ақпарат тексеру бойынша көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

    Үкімет брифингінде әділет министрінен Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыру және резонанстық істер бойынша дербес деректерді таратуға жауапкершілікті қатаңдату мүмкіндігі туралы сұралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    ІІМ өкілдерінің дербес деректерді таратуына қатысты жауапкершілікті қатаңдату бойынша сұрақты журналистер "Айка тізіміне" сілтей отырып қойды. Бұл тізімде VIP-жеңгетайдың қызметін тұтынды делінген қазақстандық танымал тұлғалар болды делінген.

    Журналистер әділет министрінен мұндай деректердің тарап кетуі қаншалықты заңды екенін сұрады.

    "Іс-әрекеттің заңдылығына келетін болсақ, бұл Ішкі істер министрлігінің жауапкершілігі мен құзыретінде. Менің білуімше, онда тиісті тексеру жүргізіледі. Сол тексеріс қорытындысын күту керек деп ойлаймын", - деп жауап берді әділет министрі Азамат Есқараев.

    Сондай-ақ ол ақпаратты тарату жауапкершілігін күшейту мәселесі назар аударуға тұрарлық екенін айтты.

    "Егер ІІМ тексеріс жүргізсе, олар бұл мәселеге алаңдайды деген сөз, жазаны қатаңдату қажеттілігін зерттеп көру керек шығар", - деді министр.

    Есқараевқа елде жезөкшелікті заңдастыру мүмкіндігі туралы да сұрақ қойылды.

    "Заңдастыруға келсек, мұндай мәселені біз қарастырып отырған жоқпыз", - деді ведомство басшысы.

    Бұған дейін интернетте қазақстандық атақты жұлдыздар, бизнесмендер, ірі қаржы құрылымдарының қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен қауіпсіздік қызметкерлерінің аты-жөні жазылған "Айка тізімі" тарап кеткен еді. Оған байланысты ІІМ "Айка тізімі" тарап кетуіне байланысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.