jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Астанада Жаңа жыл күні қандай іс-шаралар өтеді

    Жаңа жылдық шырша ойыншығы. Көрнекі сурет
    Жаңа жылдық шырша ойыншығы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елорданың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

    Әкімдік ақпараты бойынша, 31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елордамыздың қалалық алаңында, "Қазақ елі" монументі мен ЭКСПО алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Жаңа жыл түні" атты жаңажылдық мерекелік концерттер өтеді.

    Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Qanay, Әли Оқапов, Ayree, Маржан Арапбаева, Ильхан Ихсан, Кенжебек Жанабілов, Диана Исмаил, Аука, Еркеш Хасен, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, "Килиманджаро" тобы, Алмас Кішкенбаев, Бейбіт Қорған және басқа да көптеген әртістер қатысады.

    Сағат 23:45-те ЭКСПО алаңынан Jibek Joly телеарнасы тікелей эфирге шығады. Тікелей эфир кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық құттықтауы көрсетіліп, мерекелік бағдарлама болады.

    Сондай-ақ желтоқсанның 31-і Астанада жүгіруден жаппай жарыс өтеді. Қатысушылар 2024 метр қашықтықты еңсеруді жоспарлап отыр. Басталуы сағат 21.00-де. Жарысқа қатысуға старт пакеттері сағат 20.30-дан бастап беріледі.

    Астанада Жаңа жыл күні қандай іс-шаралар өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.