Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқандай заңбұзушылық жоқ": мәдениет және ақпарат министрі "Слово пацана" сериалы туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Слово пацана" сериалы
"Слово пацана" сериалы. Фото: instagram.com/slovopacana.wink

ОКҚ-да өткен брифингте мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ресейдің атышулы "Слово пацана" сериалынан ешқандай заңбұзушылық табылмағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Пікірлер әртүрлі. Біреулер бұл фильм зорлық-зомбылықты насихаттайды дейді. Кейбіреулердің айтуынша, адамның психикасына кері әсер етеді. Өзім фильмді көрмедім, мазмұнын айта алмаймын. Ішкі істер министрлігі жіберді, бірақ біз қандай-да бір заңбұзушылықтарды таппадық.

Бұл фильм Қазақстандағы шынайы жағдайдан алыс және фильмде көрсетілген оқиғалардың біздің жастарға еш қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Біздің жастарда құмар ойындарға, нашақорлыққа тәуелділікке, мәдениетсіздікке байланысты мәселелер бар.

Тек тыйым салу арқылы ештеңе шеше алмаймыз деп ойлаймын. Бұл фильмге тыйым салу ұсынылса да, менің ойымша, ақпараттық технологиялар ғасырында бұл мүмкін емес. Иә, біз оны белгілі бір ресурстарда көрсетілуін шектесек те, бірақ YouTube-та, бөлек платформаларда шектеу мүмкін емес. Қалаған адам бұл фильмді көрудің амалын табады", - деді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Қарасай аудандық полиция бөлімінің бастығы Елзат Қанатұлы ресейлік "Слово пацана" сериалына байланысты ата-аналарға үндеу жасаған болатын.

Сонымен қатар ғылым және жоғары білім сондай-ақ, оқу-ағарту министрлері сериалдың елімізде көрсетілуіне тыйым салына ма деген сұраққа жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052713-esqandai-zanbuzusylyqtar-zoq-madeniet-zane-aqparat-ministri-slovo-pacana-serialy-turaly-pikir-bildirdi/