jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде "Слово пацана" ресейлік сериалының көрсетілуіне тыйым салынуы мүмкін бе

"Слово пацана" сериалының кейіпкерлері
"Слово пацана" сериалының кейіпкерлері. Фото: instagram.com/slovopacana.wink

"Слово пацана" ресейлік сериалының елде көрсетілуіне тыйым салынуы мүмкін бе? Бұл сұраққа үкіметте өткен брифингте ғылым және жоғары білім мен оқу-ағарту министрлері жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ресей Федерациясының өзінде сериалға қатысты бірнеше мәлімдеме жасалды. Қазір біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз, ерте қорытынды жасағымыз келмейді. Бұны талқылау үшін өзіміздің министрліктің және ақпарат министрлігінің бірнеше сарапшысын тарттық.

Қажет болса, қандай да бір шешім шығарылуы мүмкін. Бірақ әзірге үлкен ажиотаж көріп тұрған жоқпыз. Мәселе пысықталуда", - деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Министр уақыты болмағандықтан сериалды өзі көрмегенін айтты.

"Біз зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсымыз... Бірақ бұл мәселе бойынша зерттеу жүргізілуде. Білуімше, тіпті сериалды шығарған ел де бұл мәселені қарастырып жатыр. Сондықтан мұндай туындылар біздің елімізде де болмауы керек", - деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Журналистер оның мәлімдемесін сериалға тыйым салуға келісу деп түсіну керек пе деп сұрады.

"Әріптесім дұрыс айтты: қазір бұл мәселені сарапшылар зерттегені және дұрыс шешім шығарғаны абзал", - деп жауап берді Ғани Бейсембаев.

Ғани Бейсембаев та бұл сериалды да көрмегенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Қарасай аудандық полиция бөлімінің бастығы Елзат Қанатұлы осы ресейлік сериалға байланысты ата-аналарға үндеу жасаған еді.

Елімізде "Слово пацана" ресейлік сериалының көрсетілуіне тыйым салынуы мүмкін бе

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.