Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент көшелерінің бірінде отшашудан "шоу" жасаған жігіттер жауапқа тартылды

Опубликовано:

Пиротехникалық заттар
Пиротехникалық заттар. Фото: polisia.kz

Шымкент көшелерінің бірінде көлік салонында отырып отшашудан "шоу" жасаған жігіттер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Басылым мәліметінше, қала аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Бәйдібек би даңғылында пиротехникалық жарылғыш зат қолданған көлік жолаушысын байқаған.

Тәртіп сақшылары бірден "Ваз 2109" автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында көлік салонынан 43 пиротехникалық жарылғыш зат тәркілеген.

"Белгілі болғандай, 19 жастағы жүргізуші жанына досын ертіп, қала көшелерінде отшашудан "шоу" жасамақ болған. Ал оң жақ жолаушы орындығында отырған азамат пиротехникалық жарылғыш затты аспанға атқан", - деп жазады басылым.

Полицейлер заңбұзушылықты дер кезінде тоқтатып, жігіттерге қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі, 593-бабы және 436-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырған. Автокөлік айыптұрағына қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052743-symkent-koselerinin-birinde-otsasudan-sou-zasagan-zigitter-zauapqa-tartyldy/

pixel