jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қазақстан мен Ресей үш ЖЭО салу туралы келісімге қол қойды

    ЖЭО
    ЖЭО. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Қазақстанда жаңа үш ЖЭО салынатын болады. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург қаласына барған сапары барысында тараптар келісімге қол қойды, деп хабарлайды 24.KZ.

    Телеарна тілшілерінің мәліметінше, жаңа жылу электр орталықтары Семей және Көкшетау қалаларында 2027 жылы іске қосылса, Өскеменде салынатын нысан 2030 жылы пайдалануға беріледі.

    Жобалардың басты мердігері болып "Интер РАО экспорт" компаниясы бекітілген. "Самұрық-Қазына" мен ресейлік "Интер РАО экспорт" компаниясы арасындағы келісім бүгіннен бастап күшіне енген.

    "Бұл жоба біздің энергетикалық жүйемізді нығайтады, сонымен қатар генерациялау қуаттылығы шамамен 1 гигаватқа артады.

    "Интер РАО Экспорт" компаниясы біздің ЕРС мердігер ретінде бұл жобаларды жүзеге асыратын болады. Олар қаражатты қарыз ретінде Ресей банктерінен алады. Несиенің мерзімі 15 жыл, ал пайыздық ставкасы 7,5-8 пайызды құрайды", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.