Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа жылға орай көлігін безендірген жүргізушілерге айыппұл салынды

Опубликовано:

Жаңа жылға орай безендірілген көліктер
Жаңа жылға орай безендірілген көліктер. Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы жаңа жылға орай көлігін безендірген жүргізушілерге айыппұл салды. Полиция қызметкерлері ережені бұзған көлік иелерін әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында анықтаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ресми Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Mercedes және BMW көлігінің жүргізушілері анықталған.

"Mercedes және BMW көлігінің жүргізушілері темір тұлпарын безендіріп, ҚР ӘҚБтК 590-бабы 7-бөлігін бұзған. Сондай-ақ олардың әрекетінен ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері де анықталды", - делінген ресми хабарламада.

Жергілікті полиция қызметкерлері көлік иелерін анықтап, жауапкершілікке тартты. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052772-almatyda-zana-zylga-orai-koligin-bezendirgen-zurgizusilerge-aiyppul-salyndy/

pixel