jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Павлодарда 53 млн теңге жұмсалған мұз қалашығы еріп кетті (видео)

Павлодардағы еріп жатқан мұз қалашық
Павлодардағы мұз қалашық: КТК арнасындағы сюжеттен кадр

Павлодарда 40 градус аяздан кейін күн бірден жылынып, бір апта бұрын ғана ашылған мұз қалашығы еріп кетті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна тілшісінің мәліметінше, Павлодардағы мұз қалашығы екінші жыл қатарынан салынып отыр. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл павлодарлықтар мен қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін жасалған.

Алайда күн күрт жылынып, 53 млн теңге жұмсалған мұз қалашығы еріп, қазір бұл жерлер "судағы қаланы" еске салады.

Ал әкімдік өкілдері бұл ақша мұздан мүсіндер ойып салуға ғана емес, оларды күтіп ұстауға да бөлінгенін айтады. Олардың айтуынша, ауа райы қолайлы болған кезде бәрі қалпына келеді.

Дегенмен синоптиктер қалада жақын күндері аяз болмайды деп сендіріп отыр. Метеорологтар апта соңына дейін термометр көрсеткіші - 9 градусқа дейін ғана төмендеуі мүмкін дейді.

Қала тұрғындары еріп кеткен мұз қалашығы туралы ақпаратты әртүрлі қабылдаған.

"Әрине, өкінішті, сонша ақша жұмсадық. Енді не істейміз? Жаңа жылдық көңіл-күйімізді ештеңе түсірмейді. Ауа райында бұндайлар болып тұрады", "Осы 53 млн теңгеге басқа нәрсе салуға болатын еді ғой. Қазір ауа райы күрт өзгеріп жатыр. Биыл қыс жылы болады деп айтқан еді", - дейді павлодарлықтар.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Павлодарда 53 млн теңге жұмсалған мұз қалашығы еріп кетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.