Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда танымал ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

Опубликовано:

Телефон ұстап отырған әйел
Телефон ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

"Кселл" АҚ, "МТ–С" ЖШС (Tele2/Altel) және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің өтінішінен кейін ұялы байланыс қызметтері бағасының өзгеру динамикасына және тарифтік жоспарлардың шарттарына байланысты талдау жүргізген.

Нәтижесінде 2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7 пайыздан 57,3 пайызға дейін айтарлықтай өскені анықталған.

"2023 жылғы мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан астам тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген", - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 3-тармағын ескере отырып, күнтізбелік бір жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекет белгілері қайта анықталғандықтан Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазіргі уақытта "Кселл" АҚ, "МТ–С" ЖШС (Tele2/Altel) және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастаған.

"Бұған дейін агенттік ұялы байланыс операторларының бір минуттық сөйлесулердегі қоңыраулардың құнын және тарифтік жоспарлардағы бір SMS-ті белгілеу жөніндегі әрекеттерінде (көрсетілген қызметтердің бір бірлікке тарифтелуі көзделген) бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін (Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы) анықтаған болатын. Осыған байланысты ұялы байланыс операторларына бағаны негізді төмендету жолымен анықталған белгілердің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілді.

Ұялы операторлар хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, агенттік тергеп-тексеру жүргізу туралы да шешім шығарады", - дейді агенттік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052837-qazaqstanda-tanymal-uyaly-bailanys-operatorlaryna-qatysty-tergeu-bastaldy/

pixel