Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Желдің екпіні 25-30 м/с-қа дейін жетті": СҚО-да боран салдарынан 181 елді мекен жарықсыз қалған

Опубликовано:

боранды күн
Боранды күн. Көрнекі фото: Niklas Skur/EyeEm/Getty Images

Солтүстік Қазақстан облысында мамандар 26 желтоқсанда болған боранның салдарымен күресіп жатыр. Дауыл кезінде 13 ауданның 181 елді мекені электр жарығынан ажырап қалған, деп хабарлайды Kazinform.

СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукиннің айтуынша, электр сымдарының үзілуінен, шағын станцияларда сымдардың тұйықталуынан 14590 абонент жарықссыз қалған.

"Облыс аумағында желдің екпіні 25-30 м/с-қа дейін жетті. Қар аралас жаңбыр жауды. Салдарынан 181 елді мекен жарықсыз қалды. Өңірде осындай оқыс оқиғада тиісті әрекет етіп, барлық қызметтің жұмысын үйлестіретін штаб бар. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар – аудандық ауруханалар, мектептер, балалар үйлері, орталық қазандықтар назарға алынды. Олар бірден қосымша жарық беру көздеріне қосылды", - дейді Владислав Лукин.

Қазіргі уақытта үзілген электр желілерін анықтап, қалыпқа келтірумен "Севказэнерго" АҚ 55 апаттық-жөндеу бригадасы, сонша техника және "Көкшетау-Энерго" ЖШС 37 бригадасы мен 140 техникасы айналысып жатыр.

Сағат 15.00-дегі мәлімет бойынша әзірге 92 елді мекеннің 5079 абоненті жарықсыз отыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2052984-zeldin-ekpini-25-30-ms-deiin-zetti-sqo-da-boran-saldarynan-181-eldi-meken-zaryqsyz-qalgan/

pixel