Енді түнгі сағат оннан кейін отшашу шашқандар айыппұл арқалайды
Жарияланған күні:
Енді түнгі сағат оннан кейін отшашу атқан жеке тұлғаларға 69 мың теңге көленмінде айыппұл салынады. Ал бизнес субъектілері үшін 345 мың теңге айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды QazaqstanTV арнасы.
Телеарна мәліметінше, бұл уақытта фейерверк қолдану заң бойынша адамдардың түн тыныштығын бұзу болып есептеледі.
ІІМ кәмелет жасқа толмаған балалар пиротехникалық бұйымдарды пайдаланса алдымен ескерту жасалып, кейін ата-анасына 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын ескертті.
Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатса 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл көзделген.
"Елімізде пиротехникалық бұйымдарды өндіру, сату қызметі лецензиялауға жатады. Бүгінгі күні осы қызмет түрімен айналысатын 40 астам заңды тұлға тіркеуде тұр. Ал азаматтарға ескерту ретінде айтарым пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің бірқатар баптарымен жауапкершілік көзделген", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Идрисов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053011-endi-tungi-sagat-onnan-keiin-otsasu-atqandar-aiyppul-arqalaidy/