Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үйді сатып алудың жаңа шарттарын жариялады

Опубликовано:

Көрнекі
Салынып жатқан үйлер. Көрнекі фото: pexels.com

Үкімет инженерлік желілерсіз тұрғын үй нысандарын жобалауға және салуға тыйым салып, сондай-ақ үлескерлерден заңсыз ақша алып, кейіннен құрылысты тоқтатқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ прьемер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Прьемер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, бір-біріне өте жақын етіп үй салуға жол бермеу мақсатында 2024 жылғы қаңтардан бастап енгізілетін бірыңғай қала құрылысы сараптамасының тетігі әзірленді.

Енді әзірленген және түзетілген жобалар (бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс жобалары) мемқалақұрылыскадастырының ақпарат жүйесіне міндетті түрде тіркеліп, кешенді сараптамадан өтетін болады.

Үлескерлердің қатысуымен құрылыс жүргізу саласындағы бақылауды күшейту және құрылыстың ұзаққа созылу тәуекелдерін азайту үшін заңнамаға жаңа түзетулер әзірленді:

  • үй сатып алуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу жоспарланып отыр, бұл үлескерлермен толыққанды шарт жасалмағандықтан, олардың алдын ала ақша беріп, алданып қалмауына мүмкіндік береді;
  • құрылыс жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында үлескерлерден заңсыз ақша алып, кейіннен құрылысты тоқтатқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту қаралып жатыр.

Қазіргі уақытта бұл түзетулер парламент мәжілісінің қарауында.

Биыл инженерлік желілерсіз тұрғын үй нысандарын жобалауға және салуға тыйым салынды. Бұл сапасыз нысандарды пайдалануға беру тәуекелдерін жояды.

Ведомство "Жедел ден қою шарасы" жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ол профилактикалық бақылау аясында оқиға орнына бармай-ақ, заң бұзушылықтарға уақытылы жауап беріп, олардың жолын кесуге, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру және рұқсат беру құжаттарынан (лицензиялар, аттестаттар, аккредиттеу) айыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Астанада осы жылдың басында 4 мыңнан астам үлескер қатысатын 16 проблемалық нысан аяқталмай жатқан. Биыл 3,6 мыңға жуық үлескер пәтер кілтін алды. Қалған үлескерлер кілтін 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында алмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053042-ukimet-qazaqstanda-salynyp-zatqan-turgyn-uidi-satyp-aludyn-zana-sarttaryn-zariyalady/

pixel