Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы кофехананың есігін қасақана бүлдірген курьер жауапқа тартылды (видео)

Опубликовано:

Курьер
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/police__astana

Астаналық курьер жеткізілген тапсырысты қабылдамағаны үшін кофехананың әйнек есігін бірнеше рет тепкілеп, зақым келтірген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана қалалық ПД-ның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, осы дерек бойынша учаскелік полиция инспекторлары мас күйде болған 23 жастағы Астана тұрғынын анықтаған.

Бұзақының өрескел әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалғаны тәртіп сақшыларының жұмысына септігін тигізіп, бірден оны анықтауға мүмкіндік туған.

"Ер адам түскі уақыттан кейін Түркістан көшесінде келе жатып, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені белгілі болған. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 147-1 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, жиналған материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полицейлер алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе масаң күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 440-бабымен хаттама толтырылған.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзбауды ескертіп, бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін тиісті жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053044-astanadagy-kofexananyn-esigin-qasaqana-buldirgen-kurer-zauapqa-tartyldy-video/

pixel