Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК сақ дәуіріндегі алтынды заңсыз тасымалдады деген күдікпен семейлікті ұстады

Опубликовано:

Күдікті ұстау операциясы
Күдікті ұстау операциясы. Фото: ҰҚК

Абай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті прокуратураның келісуімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚК-ның Абай облысы бойынша департаменті Семей қаласының тұрғынының ұсталғанын мәлім етті.

"Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленді", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, бірқатар сараптамалар тағайындады.

Бағалы заттар
Бағалы заттар. Фото: ҰҚК

ҰҚК мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053048-uqk-saq-dauirindegi-altyndy-zansyz-tasymaldady-degen-kudikpen-semeilikti-ustady/

pixel