Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда қалаға кіріп кеткен елік құтқарылды

Опубликовано:

Қоршауға қысылып қалған елікті құтқару сәті. Көкшетау қаласы
Қоршауға қысылып қалған елікті құтқару сәті. Көкшетау қаласы. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Көкшетау қаласында түнгі уақытта мектеп қоршауына қысылып қалған елікті құтқарушылар босатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 27 желтоқсанда түнгі уақытта болған. Қаланың орта мектептерінің бірінің қоршауында елік қысылып, шыға алмай қалған.

Жануарды құтқаруға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келген.

"Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен қоршаудың металл элементтерін босатып, жануарды аман алып қалған. Елік еркіндікке жіберілді", - делінген ТЖМ хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053106-koksetauda-qalaga-kirip-ketken-elik-qutqaryldy-video/

pixel