Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Жамбыл облысы әкімінің жеке "креслоұстаушысы" талқыланып жатыр (видео)

Опубликовано:

Әкім отыруға тиіс болған креслоны ұстап тұрған ер адам
Әкім отыруға тиіс болған креслоны ұстап тұрған ер адам. Фото: t.me/qumash_kz

Желіде Жамбыл облысы әкімінің жеке "креслоұстаушысы" талқыланып жатыр. Желі қолданушылары осыған байланысты әзілдеп жаза бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған видеодан костюм киген ер адамның Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің креслосын жиналып қалмасын деп ұстап тұрғанын байқауға болады.

Автоблогер Ерғазы Әзімханұлының айтуынша, ролик 27 желтоқсанда Таразда өңір әкімі қатысқан шарада түсірілген.

Әкім көмекшісі Ербол Қарашөкеев отыруға тиіс болған креслоны ұзақ уақыт ұстап тұрған.

"Жамбыл облысы әкімінің райдері: 1. Жеке креслоұстаушы... Тізім жалғасады", - делінген видео сипаттамасында.

Желі қолданушылары бұл жағдайды күлкіге айналдырған.

"Шенеуніктер мен олардың көмекшілерінің өмірі: қолшатыр ұстағыштар, пальто әкетушілер, авто есігін ашушылар болған. Мынау - жаңа дүние", "Досыңнан орын алып қойшы деп сұрағанда", "Автотұрақты қалай брондайды екен? Асфальтқа жатып ала ма?", "Отырып, орындықты жылытып қою керек еді", - деп әзілдеп жатыр қолданушылар.

Жамбыл облысы әкімдігінің сайтындағы мәліметке қарағанда, бұл жағдай өңірлік жастар форумы аясында облыстық "Әулиеата үздігі" жастар сыйлығы және "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері марапатталған шарада болған.

Шара барысында "Әулиеата жастары" энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өткен. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев түрлі салада үздік атанған жастарды құттықтап, мемлекет тарапынан жастарды қолдауға айрықша ден қойылып отырғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053114-zelide-zambyl-oblysy-akiminin-zeke-kresloustagysy-talqylanyp-zatyr-video/

pixel