Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ бұрынғы полиция бастығына іздеу жариялады

Опубликовано:

Рустам Күлкеев
Рустам Күлкеев. Фото: qamqor.gov.kz

Қарағанды облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Күлкеевке іздеу жарияланды. Ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресми сайттағы мәліметке қарағанда, Рустам Күлкеев 2023 жылдың 1 желтоқсанында, яғни 28 күн бұрын іздеу жарияланған. Бастамашысы: ҚР ІІМ. Іздеуді жүргізуші орган: Қарағанды облысының Полиция департаменті.

Күлкеевтің іздеу парағы
Күлкеевтің іздеу парағы. Фото: qamqor.gov.kz

Еске салайық, бұған дейін желіде Қарағанды облысы ПД тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Күлкеев тергеуден қашып кеткені туралы ақпарат тарады.

Өңірлік ПД баспасөз қызметі Өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс бойынша тәркіленген тау-кен жабдықтарын ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 4-бөлігі 3-тармағы және 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады.

"Қарағанды облысы прокуратурасының келісімі бойынша бұрын теріс себептермен жұмыстан шығарылған полиция департаментінің тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Күлкеев пен осы бөлімшенің тергеушісі Қанатов осы қылмыстық іс бойынша күдікті статусына ие. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Күлкеевтің орналасқан жері анықталып жатыр. Келмеген жағдайда ол іздестіріледі", - деп хабарлаған еді Қарағанды облысы ПД бастығы Санжар Әділов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053276-iim-buryngy-policiya-bastygyna-izdeu-zariyalady/

pixel