Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда 17 және 12 жасар қыздарды зорлаған ер адам сотталды

Опубликовано:

Жасөспірім қыз
Жасөспірім қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда 31 жастағы ер адам 17 жастағы және 12 жасар қыздарды зорлғаны үшін кінәлі деп танылды. Ер адам бұл қылмысты 2023 жылғы қаңтарында жасағаны белгілі болғанымен, сотта ол кінәсін мойындамай, барлығы өзара келісіммен болғанын айтты, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі сот залынан.

Қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Қаңтар айында Екібастұз қаласының тұрғыны бірінші 17 жастағы қызға зорлық-зомбылық көрсеткені белгілі болды.

Кейін ер адам бойжеткенге танысын да пәтерге әкелуін өтінген. Екінші жәбірленуші небәрі 12 жаста болған. Алайда айыпталушының сөзінше, қыз 16 жаста екенін айтқан.

"Тіпті суреттерден-ақ бала екені көрініп тұр. Мен сарапшы емеспін, бірақ бұл сараптамада белгілі болды. 12 жаста екенін сізге айтқаны туралы ол берген куәлігінде айтты", - деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Нұрланов.

Прокурор айыпталушыны 24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Судья сараптамалар мен куәлардың айғақтарын қоса алғанда, кінәні растайтын жеткілікті дәлелдер жиналғанын түсіндірді.

Сот 31 жастағы ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамдарды зорлау) және 121-бабы 4-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамдарға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау) бойынша кінәлі деп танып, 22 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот Екібастұз қаласының 12 жастағы тұрғынына жасалған зорлық-зомбылық туралы полицияға арызданбаған 17 жастағы жәбірленушіні жауапқа тарту қажеттігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053339-ekibastuzda-17-zane-12-zasar-qyzdardy-zorlagan-er-adam-sottaldy/

pixel