Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ЖШС қызметкерлерге 300 миллион теңгеге жуық қарыз болды

Опубликовано:

Калькулятор мен ақша
Калькулятор мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада ЖШС қызметкерлерге 300 миллион теңгеге жуық жалақы берешек болған. Бас әскери прокуратура шара қабылдады, деп хабарлайды Бас әскери прокуратура ресми сайты.

Ведомство ақпараты бойынша, жұмыс берушінің әрекеті салдарынан 2021 жылдан бері "Әскери құрылыс Астана" ЖШС 3839 қызметкерге 272 млн теңге көлемінде жалақы қарыз болған.

Жұмысшылар ұзақ уақыт бойы өздеріне тиесілі ақшаны ала алмағандықтан, мемлекеттік органдардың табалдырығын аттауға мәжбүр болды, бірақ мәселе шешімін таппады.

Оны шешуге атсалысқан Бас әскери прокуратура 4 уәкілетті органдарының (Қорғаныс және әділет министрлігі, еңбек инспекциясы және қазынашылық) өкілдерінен жұмыс тобын құрды.

Прокурорлық қадағалау актілері жасалып, қарыздарды өтеуге қаражат көздері анықталды.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, өзге жеткізушілермен жасалған келісімшарттар бойынша "Әскери құрылыс Астана" ЖШС-ға тиесілі 300 миллион теңгеден астам соманы тәркілеуге мүмкіндік туды, бұл қаржыны сақтауға әрі бірінші кезекте борышкерлер алдындағы қарыздарын өтеу мақсатында бағыттауға, яғни қызметкерлерге өтемақы төлеуге мүмкіндік берді.

Осылайша Бас әскери прокуратура (БӘП) 3839 қызметкерге 272 млн теңге көлемінде жалақы берешегін төленуіне көмектесті.

Сондай-ақ қабылданған шараларға сәйкес, жоғарыда аталған ЖШС бұрынғы қызметкерлеріне жұмысынан айырылуына байланысты 131 млн теңге мөлшерінде өтемақы төлемдері төленген.

Ведомство дерегінше, бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде және т.б. әскерлер мен әскери құралымдарда жалақы бойынша берешек жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053368-astanada-kasiporyn-qyzmetkerlerge-272-mln-tenge-qaryz-bolyp-qaldy/

pixel