Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алты ұшақ орта жолда кері бұрылды: Астанада ауа райы қолайсыздығына байланысты рейстер кешіктіріліп жатыр

Опубликовано:

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Фото: instagram.com/nqz_airport

Елордада қолайсыз ауа райына байланысты Астана әуежайында ондаған рейс кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды әуежай баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана әуежайының өкілдері ұшып келуге тиіс 24 рейс кешіктірілгенін айтты.

"Оның ішінде Астанадағы ауа райына байланысты 4 рейс Қарағандыға балама (аэродромға – ред.), Алматыға 2 рейс ұшты", – делінген хабарламада.

Бұл ретте ұшақтар кешіккеніне байланысты 12 рейс кейінге шегерілген.

Айта кетейік, Астана әуежайы ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Өскемен, Қызылорда, Шымкент, Петропавл, Семей, Алматы әрі Түркістан және т.б. қалалардан ұшып келуге тиіс болған рейстер кешіктіріледі.

Сондай-ақ еске салайық, бүгін Алматыдан елордаға SCAT әуе компаниясының ұшағы ұшты. Бірақ әуе кемесі ауа райының қолайсыздығынан Астанаға қона алмағаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053375-astanada-aua-raiy-qolaisyzdygyna-bailanysty-reister-zappai-kesiktirilip-zatyr-alty-usaq-orta-zolda-keri-buryldy/

pixel