Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жауған қардың қалыңдығы 25 сантиметрге жетті: коммуналдық қызметтер қалай жұмыс істеп жатыр

Опубликовано:

Қар шығару жұмыстары
Қар шығару жұмыстары. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

30 желтоқсанда Алматыда қаласында қалыңдығы 10 см, қаланың жоғарғы бөлігінде 20-25 см, Шымбұлақта 40 см-ге дейін қар жауды. Мегаполисте көктайғақты болдырмау үшін 1,5 мың тоннадан астам көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

29-30 желтоқсан аралығында Алматы қаласында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын басталды. 30 желтоқсанда сағат 10.00-дегі жағдай бойынша қалада 10 см, қаланың жоғарғы бөлігінде қалыңдығы 20-25 см, Шымбұлақта 40 см-ге дейін қар жауды.

146 құм таратқыштың күшімен 1502 тонна көктайғаққа қарсы материалдар себілді.

"Түнгі сағат 02.00-ден бастап полицияның патрульдік машиналарының жол бастап жүруімен он бағанмен бірге қар күреу жүргізілді.

Таулы аудандарда қар шығару ұйымдастырылды. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 370 м3 қар шығарылды", - делінген хабарламада.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәліметінше, 30 желтоқсанда сағат 08.00-ден бастап 410 бірлік және 876 жұмысшы жұмылдырылды.

Басқарма өкілдері тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазаланғанын мәлім етті.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылған.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша бүгін күндіз ауа температурасы шамамен 0°C болады. 6 қаңтарға дейін жауын-шашын күтілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053409-almatyda-zaugan-qardyn-qalyndygy-25-santimetrge-zetti-kommunaldyq-qyzmet-qalai-zumys-ister-zatyr/

pixel