Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды: адамдар эвакуацияланды

Опубликовано:

Тас жол
Көрнекі фото: Хабар 24

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы "Қарабұтақ-Қостанай" автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалып, Өзбекстан азаматтары эвакуацияланды, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, 29 желтоқсанда сағат 18:50-де Әйтеке би ауданы, "Қарабұтақ-Қостанай" автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалғаны бойынша ақпарат келіп түсті.

"Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар "Екатеринбург-Шымкент" бағыты бойынша жолға шыққан", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар, ЖАО, полиция бөлімі қызметкерлері оқиға орнынан мешітке 32 Өзбекстан азаматын эвакуациялады.

"Ауа-райының өзгеруін қадағалап, автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпаңыздар", - деп ескертті ТЖМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053413-aqtqbe-oblysynda-zolausylar-avtobusy-audarylyp-qaldy-adamdar-evakuaciyalandy/

pixel