Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда жаңажылдық шырша өртенді (видео)

Опубликовано:

Таразда шырша өртенді
Таразда шырша өртенді. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Таразда тұңғыш президент саябағындағы жаңажылдық шырша өртенді. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облыстық полициясының мәліметінше, Таразда 2023 жылғы 31 желтоқсанда сағат 08:29-да бейнебақылау камералары тұңғыш президент саябағы аумағында орнатылған жаңажылдық шыршаның өртенгенін түсіріп алған.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер 56 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқарма қаланың бас шыршасы "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің аумағында орнатылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053465-tarazda-zana-zyldyq-syrsa-ortendi-video/

pixel