Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада әуе рейстері кешіктірілді: жолаушыларға билет ақшасы толықтай қайтарыла ма

Опубликовано:

Ұшақ
Әуежайдағы ұшақ. Көрнекі фото: pexels.com

Астана әуежайынан ұшып кете алмаған жолаушыларға билет ақшасы толықтай қайтарылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан ведомствоның Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омарханның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде рейстердің тоқтатылуына және кешіктірілуіне байланысты өз жоспарларын өзгерткен жолаушылар билет құнын қайтару барысында әділетсіздіктің орын алғаны туралы қате ақпар жарияланып жатыр.

"Аталған мәселе бірден әрі толығымен жолаушылар үшін оңтайлы шешілген. Қазақстанның көлік министрлігі авиакомпанияларға ауа райына байланысты Астанадан ұшып кете алмаған жолаушыларға билеттер құнын 100% қайтаруды тапсырды.

Билетті арнайы қосымшалар арқылы қайтару кезінде белгілі бір сома ұсталып қалады деп шығуы мүмкін. Өйткені әуе компаниялардың билет сатуға арналған жүйелерінің техникалық баптаулары автоматты түрде солай есептейді.

Сондықтан билеттің толық құнын қайтару үшін жолаушылар авиакомпанияларға тікелей жүгінуі керек. Мұны екі әдіспен жүзеге асыруға болады: телефондарына хабарласып немесе Астана әуежайы ғимаратында орналасқан әуе тасымалдаушылардың кеңселеріне барып, билеттің толық құнын қайтарып алуға болады", - деді Омархан.

Хабарламада көлік министрлігінің өкілдері кешеден бері Астана әуежайында жүргені айтылған. Министр өз рейстерін күтіп отырған жолаушылармен сөйлесіп, ауа райының қолайсыздығынан авиакөлікке қатысты қалыптасқан жағдайды реттеу үшін жедел штаб құру бойынша тапсырма берген.

Кеше әуе компанияларымен кеңес өткізіліп, жолаушыларды жөнелтуге және ұшу кестесін оңтайландыруға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Нәтижесінде жағдай оңтайлы шешіліп, әуежай түннен бастап келген ұшақтарды қабылдап, қазіргі таңда қалыпты режимде ұшуды қамтамасыз етуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053481-astanada-aue-reisteri-kesiktirildi-zolausylarga-bilet-aqsasy-tolyqtai-qaitaryla-ma/

pixel