БҚО-да төтенше жағдайлар саласының мамандарына жаңа техникалар табысталды
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтың қатысуымен төтенше жағдайлар департаментіне жаңа техникалардың кілті мен құрал-жабдықтар табыс етілді.
Сала қызметкерлерінің шұғыл әрекет ету, сондай-ақ, авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында департаменттің бөлімшелері мен облыстық коммуналдық қызметке жергілікті бюджеттен 46 бірлік өрт сөндіру, авариялық-құтқару, қосалқы техника және 908 дана құрал-жабдық сатып алынды.
"Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және олардың әлеуметтік мәртебесін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл мәселелер біздің тарапымыздан жергілікті атқарушы орган ретінде де назардан тыс қалмайды. Сатып алынған техникалар мен құрал-жабдықтар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттырып, оң нәтижесін беретініне сенемін!
Осы сәтті пайдалана отырып, Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Қандай жағдай болмасын, бар күш-жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген құтқарушылардың жұмысына табыс, жанұяларына амандық және зор денсаулық тілеймін. Ауыр еңбектеріңіз сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне әрі қарай үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін!" - деп атап өтті облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053489-bqo-da-totense-zagdailar-salasynyn-mamandaryna-zana-texnikalar-tabystaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.