Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдің барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Терезедегі қырау
Аяз. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазгидромет" РМК хабарлауы бойынша елдің барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, 02 қаңтарда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

2 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

2 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Астана қаласында 2 қантарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Көкшетау қаласында 2 қантарда бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

2-4 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02-04 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 02 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, 03-04 қаңтарда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 3-4 қаңтарда тұман күтіледі. 02 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 

2 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында 2 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

2 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с.

Атырау қаласында 2 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

2 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қаласында 2 қаңтарда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

2 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанды қаласында 2 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

2 қаңтарда түнде Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде облыстың шығысында 23-28 м/с күтіледі.Қостанай: 02 қаңтарда түнде бұрасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

2 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с.  

Петропавл қаласында 2 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Семей қаласында 2 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 17-22 м/с.

2 қаңтарда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Өскемен қаласында 2 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 17-22 м/с.

2 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Орал қаласында 2 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

2 қаңтарда күндіз Жетісу облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда 25 м/с, Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

2 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтау қаласында 2 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

2 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында 2 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с күтіледі.

2 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20,  облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Павлодар қаласында 2 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053547-eldin-barlyq-derlik-onirinde-qolaisyz-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zariyalandy/