Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық полицейлер мұз ойығына түсіп кеткен қызды құтқарып қалды (видео)

Опубликовано:

Полицейлер суға түсіп кеткен қызды құтқаруда
Полицейлер суға түсіп кеткен қызды құтқаруда. Видеодан кадр: Telegram/PolisiaKZ

Атырау қаласында орталыққа жақын маңда қыз бала мұз ойығына түсіп кетті. Жергілікті полицейлер бірден көмекке келіп, жасөспірімді құтқарып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.

Атырау полициясына Жайық жағалауында қыз баланың мұз ойылып суға түсіп кеткендігі жөнінде хабарлама түскен. Хабарлама бойынша патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғапу Жанарыс, Арсен Муратов, Құрманғазы Мерей және әкімшілік полиция бөлімі инспекторы Арманбек Габитов дереу оқиға орнына жеткен.

Тәртіп сақшылары мұз ойығынан басы ғана көрінген жасөспірімді бірден құтақаруға кіріскен.

Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап мұз үстімен жасөспірімге қарай беттеді. Әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүрді. Өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан қыз баламен бірге тартып шығаруға дайын тұрды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053567-atyraulyq-policeiler-muz-oiygyna-tusip-ketken-qyzdy-qutqaryp-qaldy-video/

pixel