Қазақстанның төрт облысында 7 жол учаскесі жабылды
Жарияланған күні:
Қазақстанның 4 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақмола облысы - 1 учаске
1. "Екатеринбург - Алматы" 1292-1353 км. Жібек жолы ААП - Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.
Жетісу облысы - 1 учаске
1. "Үшарал-Достық" 84-184 км. ст.Көктұма- ст.Достық – 100 км.
Қарағанды облысында - 4 учаске 1. "Екатеринбург - Алматы" 1505-1610 км. Новостройка ауылынан - Ақсу-Аюлы ауылына дейін – 105 км. 2. "Екатеринбург – Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы" 0-16 км. Пришахтинск ауылы- Новостройка ауылы – 16 км. 3. "Екатеринбург - Алматы" 1353-1426 км. Ақмола облысының шекарасынан - Теміртау ААП – 73 км. 4. "Қызылорда-Павлодар" 788-906 км. Ұлытау облысының шекарасынан - Топар ауылына дейін – 118 км.
Ұлытау облысында - 1 учаске 1. "Қызылорда-Павлодар" 756-788 км. Атасу ауылынан - Қарағанды облысының шекарасына дейін.– 32 км.
"Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 392 бірліе техника мен 599 адам жұмылдырылды", - делінген ведомство мәліметінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053576-qazaqstannyn-tort-oblysynda-7-zol-ucaskesi-zabyldy/