Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында кәсіпкер сібір жарасын жұқтырған малдың етін сатқан

Жарияланған күні:

Сот
Сот. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында кәсіпкер сібір жарасын жұқтырған малдың етін сатқаны үшін жазаланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық соттың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Талас аудандық соты ӘҚБтК-нің 425-бабы 2-бөлігі (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жеке кәсіпкер  С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралған.

Сотта 2023 жылдың тамыз айында ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер сібір жарасымен ластанған етті өткізіп, сол арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптары, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны анықталды. Осылайша ол адам денсаулығына зиян келтірген.

Сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады.

"Сот қаулысымен кәсіпкер С. ӘҚБтК-нің 425-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 млн теңгеден астам сомада айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053721-zambyl-oblysynda-kasipker-sibir-zarasyn-zuqtyrgan-maldyn-etin-satqan/