jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен төрт жасар қыз бала табылды

Такси қызметі
Такси. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда төр жасар қыз баланы анасы таксиде ұмытып кеткен. Жолаушы әйел қызымен бірге таксиге Алматы облысы Жамбыл ауданынан отырған. Бүлдіршін аман-есен табылып, ата-анасына табысталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы хабарлады.

Lider kz еріктілерінің мәліметіне сүйенсек, төрт жасар қызын анасы Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен.

"2 қаңтар кешкі сағат 20:00 шамасында 39 жастағы әйел кішкентай қызымен бірге Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жету үшін Алматы-Бішкек тасжолында көлік тоқтатқан. Сағат 20:49 шамасында әйел ұйықтап жатқан баланы белгісіз ақ түсті көлікте қалдырып, өзі Райымбек даңғылында Б. Момышұлы көшесіне жетпей түсіп қалған. Бүгін таңертең бүлдіршінді полицияға көлік жүргізушісі әкелді", - делінген Lider kz тобының хабарламасында.

Ақпаратты қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек растады.

"Бала дін аман, ата-анасына берілді, басқа да мән-жайлар анықталуда", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.

Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен төрт жасар қыз бала табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.