jitsu gif
Қаржы

    "Ол жайлы бүкіл мәлімет құпия": Қазақстанда ғана өндірілетін ең қымбат металл туралы білесіз бе

    кен өндіріп жатқан кенші
    Кенші. Көрнекі фото: Alexander Manzyuk/Anadolu Agency via Getty Images

    Әлемдегі ең қымбат металл саналатын осмий-187 Қазақстанда ғана өндіріледі. Бірақ оның өндірісіне қатысты мәліметтер – мемлекеттік құпия, деп хабарлайды Kazinform.

    Агенттік мәліметінше, осмий табиғатта 7 изотоп түрінде кездеседі. Осы 7 изотоптың ішінде осмий-187 тек біздің елде өндіріледі. Осмийдің 1 грамы 10 мың доллардан 200 мың долларға дейін бағаланады. Алайда Қазақстанда бұл металлдың өндірісі мемлекеттік құпия болып саналады.

    "Қазақстанның 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I Мемлекеттік құпиялар туралы заңының 12-бабы 10-тармағына сәйкес металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды, оның ішінде осмий өндіру туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылады", - дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері "ҚазАқпарат" тілшісіне берген жауабында.

    Бір қызығы, табиғатта Осмий-187-ден тығыз зат жоқ. Сондықтан бұл элементті 9 ай бойы өндіреді. Оны ерекше дәлдікті қажет ететін өлшеуіш және медициналық аспаптарды жасауға қолданады.

    "Ол жайлы бүкіл мәлімет құпия": Қазақстанда ғана өндірілетін ең қымбат металл туралы білесіз бе

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.